Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурстың басталу күні: 22 шілде 2024 жыл
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 11 бөбекжайы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, 7 шағын аудан 14 А тәрбиеші бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
4 Тәрбиеші (қазақ тілінде оқытатын топтарға), бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс уақытына 175 000 теңгеден басталатын жалақысы бар барлығы 1,25 ставка
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білім;
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
Психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 22 шілдеден бастап
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми сайтта жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Е-mail: sad11@kst-goo.kz
Байланыс телефоны: 87142-22-66-54; 87142-22-74-50