«Балалардың мектепке дайындығы» жөнінде балабақшамызда ата-аналар отырысы өтті.
Кездесу барысында балабақша психологы Турганова Д.М ата-аналарға арнап мазмұнды кеңестер беріп, баланың мектепке бейімделуіне әсер ететін факторлар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, баланың зейіні, есте сақтау қабілеті, тіл байлығы, ұсақ қол моторикасы, әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары және эмоциялық тұрақтылығы сынды маңызды аспектілер сөз болды.
Сонымен қатар, ата-аналармен ашық ой талқылау ұйымдастырылып, мектепке дайындық барысындағы өзекті мәселелер мен тәжірибелер ортаға салынды. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, психологтан қажетті сұрақтарына жауап алды.
Бұл іс-шара балалардың жаңа оқу кезеңіне сенімді әрі сәтті қадам жасауына ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлесіп жұмыс істеуінің маңызды екенін көрсетті.
