Skip to content

Мектепке дейінгі ұйымдағы бос орын  тәрбиешілер қызметіне конкурс жариялау туралы  хабарландыру Конкурстың басталу күні: 02.10.2023

Мектепке дейінгі ұйымдағы бос орын  тәрбиешілер қызметіне

конкурс жариялау туралы  хабарландыру

Конкурстың басталу күні: 02.10.2023

 

Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 7-шағын аудан 14а мекен-жайында тәрбиеші қызметін атқаратын бос орынға конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша -1тәрбиеші.

Лауазымдық міндеті: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

Орын жайларында және балалар серуендейтін алаңдарда өзіне сеніп тапсырылған балаларды қатаң түрде балалар өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес қадағалайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне және санатына байланысты  штат кестесіне сәйкес.
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, еңбек өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, аттестаттау, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады. жұмыс және т.б.).

Е-mail: sad11@kst-goo.kz
Байланыс телефоны: 87142-22-66-54; 87142-22-74-50

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *